Үйлене салам!... Жиырмадан асып сегіз жыл, Кеудем де толқын, теңіз жыр. Сыртымнан біреу айтады ау, "Үйленбей мынау неғып жүр" Қызықтың бәрін өткердік, Жасымыз келді шектелдік. Сұлуды қудық сүйем деп, Қарамай кетсе жек көрдік. Әдемі қызды армандап, Көшеге шықтық жалмаңдап. Ағаның мініп көлігін, Жүрдік ау біздер талтаңдап. Сөйлейтін сөзің боқ ауыз, Мәні жоқ жиын құрамыз. Шемішке келер "шақшы деп" Досы боп оның сырамыз. Жүрмізғой енді жаналмай, Ошақтың отын жағалмай. Келіншек алып үй болып, Орамал тағы тағалмай. Жыл өткен сайын таңдайсың, Оранып алған шалдайсың. Анамды аяп кетемін, Көрсеткен қызын алмайсың. Базар боп кетті өмірім, Арзандап қалды ау көңілім. Баяғы қыздың бірі жоқ, Болса да енді көлігім. Баласын беріп бақшаға, Достарым жүрғой масқара. Сезімді сатып алам деп, Мен жүрмін іздеп ақшаға. Таппадым көктен жерден де, Бүгін де қалды ау ертеңге. Үйлену керек екенғой, Алғашқы сезім келген де. Кеш қалдық өмір көшінен, Тіл алмай, ерке өсіп ем. Өкініп енді жүрмізғой, Өзіме ғана өшігем. Өзімді ғана ойлаппын, Қыздарды құшып тоймаппын. Олардың бәрі жұп тауып, Мен ғана жалғыз бойдақпын! "Үйлене салам" - деп, ойлаппын... (с) Талғат Суйенишев

Теги других блогов: поэзия жизнь смысл